Ұлы Жеңіске 75 жыл
Өткенді ұмыту – өшкендіктің белгісі, ал оны еске алу – өскендіктің белгісі. Осындай жарқын өмірді тарту еткен аталарымыз бен әжелеріміздің ерліктерін мақтан тұтып, оны келешек ұрпақтың естерінде мәңгі қалдыру – әр адам баласының міндеті. Бұл шайқаста тыл жұмыстарын аянбай атқарған жасөспірімдер, әйелдер мен қарттардың, яғни еңбек ардагерлерінің де үлесі зор. Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады, бірақ «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын оларға деген ыстық