Коммунальное государственное учреждение
"Школа-лицей №146"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 302-18-97
Бухгалтерия:
+7(727) 302-18-83
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Вакансия - Ағылшын пән мұғалімі, 16 сағат.
17
октябрь
2022

Вакансия - Ағылшын пән мұғалімі, 16 сағат.

Алматы қаласы Білім басқармасының «№146 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды:
  1. Орналасқан жері – Алматы қаласы Алмагүл ықшамауданы №2.
  2. Пошталық мекенжайы – Алматы қаласы Алмагүл ықшамауданы №2.
  3. Телефон нөмірлері – 8(727) 302-18-97. 
  4. Электрондық пошта мекенжайы – kgushl146_
  5. Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы – Алматы қаласы Білім басқармасының «№146 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  6. Оқыту тілі – қазақ тілінде.
  7. Еңбекке ақы төлеу мөлшері, сағаты – 143-243 мың аралығы, 16 сағат.
  8. Тұрақты бос лауазымның атауы – ағылшын тілі пәні мұғалімі.
9) Негізгі функционалдық міндеттері:
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
  • Білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
  • Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
  • Пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
  • Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
  • Журналдарды (kundelik.kz электрондық журнал) толтырады;
  • Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
  • Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
  • Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
  • Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
  • Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, сабақтар ұйымдастырады;
  • Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
  • Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
  • Ата-аналарға кеңес береді;
  • Кәсіби құзыреттілікті арттырады;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  • Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • Ата-аналармен немесе олардың орнындағы заңды өкілдерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  • Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
  • Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
  • Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары 143-243мың аралығы
  • белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы – ағылшын тілі пән мұғалімі

9) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
  • Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
  • Біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер болуы тиіс.
10) Құжаттарды қабылдау мерзімі – 17.10-25.10.2022 ж. 
11) Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. 

12) Қажетті құжаттар тізбесі;
  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: